Жаңалықтар

Дастарқан басындағы мереке

Ғабиден Мұстафин кентінің Мәдениет үйінде Халықаралық қарттар күніне байланысты абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға арнап дастарқан жайылып, ақ тілектер айтылды.

   Мерекелік дастарқан басында елге еңбегі сіңген қарттарымызды кент әкімі Бақыт Өскембекова, Бұқар жырау ауданы әкімінің кеңесшісі, аудандық мәслихаттың депутаты  Шахвели Курбанов пен кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Нығмет Жабаев мерекемен құттықтап,концерттік бағдарламаға кезек берілді.

Бағдарламада балабақша бүлдіршіндері тақпақ оқып,”Эдельвейс” би тобының бишілері би билеп,осындағы музыка мектебінің оқушылары күй тартты.


Ал осы шараны жүргізушілер,кент кітапханашылары Гауһар Сүлейменова мен Лариса Никишина “Қарттарым – қайнар бұлағым” атты ретро-көзқарас шарасын өткізіп,қарияларымыздың заманында  болған билер мен орындалған әндерден  шумақтар оқып,осы жасырылған атауларды тапқандарға тәтті-дәмді сыйлықтар ұсынды.Олар да өткен жастық шақтарын ойға оралтқан осы мерекені ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып,ризалықтарын білдірді.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы

Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button