АбайАймақ

Дарындардың дүбірлі додасы

Топар кентіндегі Мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен жыл сайын осында әр өнер түрінен дарынды балалардың дәстүрлі фестивалі өткізіліп келеді. Биыл жас өнерпаздар би түрінен өзара жарысып, бақ сынасты.

Фестивальде әуелі фойеге осындағы “Kreativ’ балалар шығармашылық студиясы жас суретшілерінің жұмыстары қойылып,көрермендерге ұсынылды.

Одан әрі зал толы жұршылық сахна төрінен балғын бишілердіің өнерлерін тамашалады.

Дүбірлі дода бәсекесін осы Мәдениет үйінің директоры Әдемі Әбдиева жетекшілік ететін “Арман-ай” би тобы “Фонарики” биімен ашты.Осыдан кейін балабақша тәрбеленушілері мен мектеп оқушылары
арасында бәсеке қызып,осы жердегі “Детвора” балаларды дамыту орталығының бишілері (жетекшісі – Диана Кузнецова) “Старинная пластинка”,”Зимняя сазка” билерін шебер орындаса,Темірлан Серіков жетекшілік жасайтын “EZPADA” заманауи би тобы өзі аттас биімен елді риза қылса “Балбөбек” және “Айналайын” балабақшаларының өнерлі бүлдіршіндері де (жетекшілері Мөлдір Джаббарова,Айым қайратова) “Ледяной потолок”,”Хрустальные звездочки”,”Танец птиц” билерін мың бұрала биледі.
Фестиваль соңынан барлық қатысушыларға тәтті-дәмдіден сыйлықтар берілді .

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button