Ресми

Дархан Қыдырәлі: Өңірлік басылымдарды қолдау тарифтері ұлғаяды

Жергілікті БАҚ-ты қолдау тарифтерін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік мерзімді басылымдар форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Аймақтағы басылымдарды қаржыландыру тетігі мен ережелерін қайта қарастырып жатырмыз. БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын жеңілдетуге мүдделіміз. Атап айтқанда, жергілікті БАҚ-ты қолдау тарифтері 2019 жылдан бері өзгермегені белгілі. Соған байланысты біз тарифтерді ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар жобалық тәсілде өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жергілікті БАҚ-қа жаңа серпін беріп, оң әсер етеді деген үміттеміз,- деп мәлім етті Дархан Қыдырәлі.

Сонымен бірге, министр алдағы уақытта журналистерге жауап бермейтін мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылатынын мәлім етті.

Басқа материалдар

Back to top button