Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
«Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 2 қыркүйек», – делінген Ақорда сайтында.
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 сәуір 1974 жылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспендент-мүшеcі (2017), Халықаралық түркі академиясының президенті (2014 жылдан) және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (2016 жылдан).
Ал бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымында Асқар Омаров болған еді. Ол Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.



