Дархан даланың даралықтары
Халық саны – 17 202 600 адам. Бұл – әлем бойынша 62-ші орын.
Қазақстанда 1 шаршы шақырымға 6 адамнан келеді. Ал, Сингапурда – 7437 адам.
Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі бар.
Қазақстана 3,3 милионға жуық жеңіл автокөлік бар.
Қазақстанда қазақ тілінде – 83, орыс тілінде – 88, ал, аралас – 32 газет шығады.
Қазақстан территориясына – 5 Франция немесе 3 Түркия, 7 Жапония сыйып кетер еді.
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелдік 150 млрд. доллар инвестиция құйылған.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында 2000 жылы бірінші болып Халықаралық Пұл Қорының (МВФ) барлық қарызынан құтылған.
Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемдегі құрлықпен өтетін ең ұзын шекара болып табылады: 7512 шақырым.
Жылқылар алғаш рет Қазақстан аумағында қолға үйретілді.
Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны.
Екібастұз ГРЭС-2 электр станциясының мұржасы – әлемдегі ең биік мұржа. Оның биіктігі – 420 метр.
«Медеу» – әлемдегі ең биік жерде орналасқан мұз айдыны.
Қазақстан – табиғат байлығына ең бай мемлекеттердің бірі, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы бар. 70-нің қоры анықталған, 60-ы өндіріледі.
Мұнай өндіруде әлемде 8-ші орын алады. Болжам бойынша оның жалпы көлемі 12-17 млрд. тонна. Мұндай көлеммен Қазақстанды потенциалды мұнай державаларының бірі деп санай аламыз.
Қазақстанда шамамен әлемдегі уран қорының бестен бір бөлігі бар. Оны өндіруден 1-ші орындамыз.
Астық экспортынан Қазақстан әлемдегі лидерлердің бірі. Қазақстан жылына 40 елге астық экспорттайды.
Шай ішуден Қазақстан тұрғындары – алғашқы орындарда. Жылына әр адам 1,2 келі шай тұтынады. Ал, Үндістанда – небәрі 650 грамм.
Байқоңыр ғарыш айлағы – әлемдегі ең үлкен әрі ең тығыз кестелі ғарыш айлағы.
Қазақстан өзінің тарихы, әдет-ғұрпы, биік таулары, жабайы ормандары, ыстық шөлдері, мөлдір көлдері, жылжып аққан өзендері, керемет жануарлармен өсімдіктері бар кең даласымен бай ел.
Маржан терген Е.Смайылов