ЖаңалықтарҚарағанды

Даниилдің даңқы асқақ

     Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Жарқын болашақ» 9-шы республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, «Жас ғалымдар» аталымы бойынша №81 орта мектептің 8 сынып оқушысы Даниил ЕВТОДЬЕВ жүлделі 1 орынды қанжығалады.

Ұлты өзге бола тұра, қазақ тілін еркін меңгеріп, өнері өрге жүзген оқушының талабы таудай екенін жетекшісі да жасыр­майды.

Даниил өте талапты оқушы. Іздену, үйренуден бір жалыққан емес. «Қазіргі қазақ көркем мәтіндеріндегі қала мен дала образы» тақырыбын жан-жақты аша біліп, жүлделі орынға қол жеткізгенімен қоймай, олимпиаданың республикалық кезеңіне де жолдама алды. Жауапкершілігі жоғары, ісіне тиянақты баладан бұдан да биік белесті бағындырады деп үміт күтеміз, – дейді ұстазы Гульвира Кенжебекова.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button