Қарағанды

Дамудың жаңа сатысы

   Қарағанды қаласындағы №23 жалпы білім беретін орта мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында «Әліпби әлеміне саяхат» атты өнеге сағаты өтті. «Latun qarpi – damy’dyn’ jan’a satysy» атты қалалық  тілдер форумы аясында өткізілген өнеге сағаты аясында оқушылар латын әліпбиінің шығу тарихымен танысып, білімдерін кеңейтті, жаңа әліпбиді жазуға машықтанды.

Тіл – ұлттық болмысымыздың тірегі. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқан рухани жаңғыру және генетикалық жад мәселесі дәл осы тіл тақырыбынан бастау алады.

Латын әліпбиіне көшу – өркениетті шешім. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы ой толғаған болатын. Тіл – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп – өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан – ұрпаққа сақтап, жеткізіп отыратын қазына.

Өнеге сағаты барысында 3 “Ә” сыныбының оқушылары әліпбилер әлеміне саяхат жасады. Қазақстан аумағында VІІ-ІХ ғасырлардан бастап  діни әдебиеттер, діндарлар, мешіт-медреселер ықпалымен кең тараған араб әліпбиінің тарихымен, 1939 жылы қолға алынған орыс алфавиті негізінде қазақ әріптерін жасау арқылы енгізілген кириллица қарпінің тарихымен танысты. Сонымен қатар, латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылғаны туралы мағлұмат алды.

Сынып оқушылары Айша Айболатова Дихан Әбілевтің «Туған тілім» өлеңін, Іңкәр Бекен орыс тілінде  Валерий Брюсовтің  «Родной язык» өлеңін, ал Дархан Кәріғұл ағылшын тілінде «My language»  өлеңін жатқа оқыды.

3 “Ә”  сынып оқушылары латын әліпбиіне көшу қажеттілігін түйсініп, 2025 жылы өздерінің 16-17 жаста болатындығын айтып, латын қарпі арқылы алдарында әлем өркениетіне, техниканы меңгеруге үлкен мүмкіндіктің ашылатынына қуаныштарын білдіріп, өздерінің аты-жөндерін латын қарпінде жазуға машықтанды.

 

Әзимә ҚҰРМАНҚҰЛОВА,

№23 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button