Қарағанды

Дамудың даңғыл жолында

     Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауын талқылау бойынша қала активтерімен кездесу өткізді. Депутаттар, ардагерлер, тыл ардагерлері, кәсіпорын басшылары, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, діни бірлестіктердің өкілдері, қалалық мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Осы жыл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардан басталды. Уақыт бір орында тұрмайды. Елімізді әрі қарай дамыту үшін болашақта өзінің тиімділігін көрсететін реформалар керек. Президент заманауи, қуатты мемлекет жүйесін құру үшін алдымызға нақты мақсаттар қояды және 31 қаңтардағы Жолдауында нақты әрекеттерді талап еттен бағыттарды атап көрсетті. Заманауи талаптарға жауап беру үшін біз барлық бағыттар бойынша үнемі жетіліп, жаңарып отыруымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда – жаңғыру барлық бағытта жүргізілуі тиіс. Біздің еліміз кез келген күрделі тапсырмаларға дайын. «Ұлт Жоспары – 100 қадам» аясында атқарылған істер қаншама. Ендігі міндет – осы істі жалғастыру, – деді өз сөзінде қала басшысы Н.Әубәкіров.

Елбасының алдыға қойған міндеттерін шешу – қарағандылықтар үшін де ең бірінші мақсат болып табылады. Экономикалық саясатты және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру облыс орталығының экономикасын дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Н.Әубәкіровтың мәлімдеуі бойынша Қарағанды қаласының төртінші индустрияландыруға төтеп беруге әлеуеті жеткілікті. Жаңа инновациялық жобаларды іздестіру үшін қаламыздағы оқу орындары – ҚарМУ, ҚарМТУ, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, сонымен қатар, «Сарыарқа» технопаркі бар. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында дәрілік заттарды сақтауға арналған «Лидер» ЖШС жобасы іске қосылған.

Дәстүрлі, базалық салаларға да көңіл ерекше көңіл бөлінуде. 2016 жылы қала экономикасының барлық секторлары қарқынды дамыды. Өндіріс көлемінің артуы да кәсіпкерлікті қолдауға кеңінен жол ашты. Машина құрастыру бойынша қаламызда атқарылған жобалар Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларға тұспа-тұс келді.

Өңір экономикасының дамуына айтарлықтай әсер ететін кен игеру өнеркәсібіндегі процестер тұрақтандырылған. Қала ішін таза ұстауға мүмкіндік беретін айналма жолдарды салу жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, қала экономикасын өркендету үшін жасалған ауқымды шаралар қаншама. Осының барлығы – еліміздің 30 дамыған елдің қатарына қосылу жолында, елдің әл-ауқатын жақсарту мақсатында жасалып жатқан орасан үлкен жұмыстар екені анық.

Кездесу барысында баяндама жасаған Банк коллдежінің директоры А.Букенов, «Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық ұйымының вице-президенті Г.Құрбанбаева, «КазПласт» ЖШС директоры С.Вадько, Балалар мен жасөспірімдер сарайының директоры Ш.Алтынбекова, Қарағанды қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Б.Бекмырзаев Елбасы Жолдаудында белгіленген міндеттерді табысты атқаруға бар күш-жігерлерін салатындықтарын айтты.

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы – стратегиялық құжат. Бүгін біз өзіміздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді анықтадық, енді, оларды жүзеге асыруға кірісу керек, – деді қала әкімі Н.Әубәкіров жиын соңында. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөліміне нақты тапсырмалар берді.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button