Бас тақырыпОблыс әкімі

Дамуда іркіліс болмауы тиіс

Апта аймақтағы кадрлық өзгерістермен басталды. Атап айтқанда, облыс әкімдігінің кезекті аппарат отырысында аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі жаңа орынбасары Әлішер ӘБДІҚАДЫРОВТЫ таныстырды. Сондай-ақ, ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Ерлан ҚҰСАЙЫН, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жаңа басшылығына Еркебұлан ЖҰМАКЕНОВ, облыс әкімінің кеңесшісі ретінде Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ тағайындалды. Бұдан кейін күн тәртібіндегі мәселе – облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды.

Қаңтардағы дамудың барысы туралы облыстың экономика басқармасы басшысы Азамат Мұқанов мәлімдеді. Басқарма басшысының баяндауынша, биылғы жылдың алғашқы айында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша жағымды динамика бар. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексіне келсек, көрсеткіш 110 пайыз көлемінде күтілуде.

Бұл орайда, өсім кен өндіру арқылы қамтамасыз етіледі деп болжанған. Нақтыласақ, түсті металдар кендерін өндіруді 20%-ға, болат өндірісін 92,7%-ға және мыс өндірісінің 7,2%-ға өсуі есебінен қамтамасыз ету жоспарда. Ал, тау-кен өнеркәсібінде өсім металл кендерін өндіру есебінен 10% шамасында болмақ. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 145,7 млрд. теңге деңгейінде. Нақты көлем индексі – 112%. Түрлі-түсті металлургияда өсім 7,5%-ға өседі деп күтілуде.

Агроөнеркәсіпте де жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіледі. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі мал шаруашылығы өнімінің 1 пайызға өсуінен мүмкін болады. Мұнда мал басының өсуі де межеленуде. Айталық, ірі қараның саны 2,8 пайызға, жылқы – 5,2 пайызға, құс – 1,4 пайызға өседі деген болжам бар. Сәйкесінше ет, сүт өндірісінің де көлемі артады. Дәлірек айтқанда, ет өндірісі 2,2%-ға немесе 9,8 мың тоннаға, сүт – 1,7% -ға, жұмыртқа – 1,5%-ға көбейеді деп жоспарлануда.

Биыл дәнді және дәнді-бұршақты да қылдар алқабы 895,5 мың га құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 3,7%-ға, майлы дақылдар 23,2 мың га, біржылдық және көпжылдық шөптер – 64,5 мың га, картоп – 16 мың га, көкөніс – 3 мың гектарға артық.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3%-ға немесе 88,5 мың бірлікке өседі.

– 2020 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша 39 жаңа жұмыс орнының құрылумен 274 млн.теңге инвестицияға 11 сауда, туризм және қызмет көрсету объектілері іске қосылды. Осы жылы облыс экономикасының өсуі 5,3% шамасында, – дейді Азамат Мұқанов. Тарқатып айтсақ, өнеркәсіп – 5,8%, ауыл шаруашылығы – 6%, құрылыс – 7%-ға көлік саласындағы қызметтер – 5%-ға, сауда – 2,8%-ға өседі деп жоспарлануда.

Негізгі капиталға инвестиция салу өткен жылдың деңгейінде немесе 800 млрд.теңге көлемінде көзделіп отыр. Бұдан кейін қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина бюджеттің бүгінгі орындалысына тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік ұйымдар тарапынан игерілмей тұрған 469 млн. теңге қаржы бар. Осы орайда аймақ басшысы жекелеген аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды.

Басқа материалдар

Back to top button