Жаңалықтар
Далада шашылған қоқыс толы қораптар ауыл тұрғындарын алаңдатуда
Үштөбе ауылы мен Күнгей ықшамауданы арасындағы орман алқабының ішінен қорап пен қапшық толы тауық сүйектері табылды. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбадан кейін облыстық экология департаментінің мамандары арнайы тексеріс жүргізді. Нәтижесінде қоқыс қалдықтарының жатқаны туралы ақпарат расталды.
Облыстық экология департаментінің инспекторы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің инспекторымен бірлесіп аталған жерді арнайы тексерген. Тексеру кезінде үлкен көлемдегі қоқыс қалдықтары анықталған. Қазіргі таңда тиісті шаралар қабылданып, барлық органдарға хат жолданды. Ал, тәртіп бұзушылар әлі іздестірілуде.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz