Бас тақырып
Дала өрті басылмай тұр
Қарағанды және Павлодар облысының шекарасы аумағында шыққан табиғи өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Жазық дала әрі желдің де екпіні күшті болғандықтан өртті сөндіру оңай болып тұрған жоқ. Қазіргі уақытта 609 адам және 110 бірлік техника, төрт әуе кемесі өртті сөндіруге жұмылдырылған. Әуе кемелері өрт ошақтарына 15 мәрте рейс жасап, 22 тонна су төкті.
Жұмылдырылған техника мен мамандар Қарағанды және Павлодар облысы, Астана қаласы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, «Баянауыл» МҰТП, «Қазавиақұтқару» АҚ мен ҚР Қорғаныс министрлігінен шақыртылған.
Қарағанды облысының Теректі ауылы мен Павлодар облысының Желтау қыстағына өрт сөндіру штабтарын орналастырылды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz