АймақБұқар жырау

Дайындықты дендеп қалды

Бұқар жырау ауданында биылғы көктемгі егіс науқанына 300-ден аса ауылшаруашылық құрылымдары қатысады. Олар бұл жолы 146 мың гектар алқапқа (бидай 99 га., арпа 44,5 мың га., сұлы 2,5 мың га.) дәнді дақылдар тұқымын себуді жоспарлап отыр. Ал майлы дақылдар тұқымын 8 мың гектарға екпек. Сондай-ақ 200 гектарға көкөніс,2500 гектарға картоп, 44 мың гектарға жемазық тұқымы отырғызылады.

Осы дән себу жұмыстарына қажет 17900 тонна дәнді дақылдар мен 7 мың тонна картоп тұқымы әзірленіп,бабына келтірілген.Соған қосымша өнім сапасын арттыру үшін еліміз бен Ресейдің тұқым шаруашылықтарынан 300 тоннадан астам астық және 200 тонна картоп тұқымын сатып алу көзделуде.

– Өткен жылы аудан шаруашылықтары өздерінің техникалық паркін жаңартып, 48 трактор, 5 егістік кешені мен 12 дәнсепкіш, 135 түрлі жабдықтар сатып алса,-дейді аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Манат Құрманғалиев. – Енді сол және қолда бар техникадан бұл науқанға 1240 трактор,900 дәнсепкіш пен 21 егістік кешені қатысады.Қазір олардың дайындығы денделіп қалып,тракторлардың 88 және дәнсепкіштердің 91,6 пайызы жөнделіп,даярлық сапына қойылды.

Биылғы көктемгі дала жұмыстарын атқарып шығуға қажет 2756 тонна дизель отынына электрондық тапсырыс жасалса,”Кең дала” бағдарламасы бойынша несие қаражатын алуға да өтінім беріліпті.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button