Ресми
Құдайберген Бексұлтанов: Ең бастысы – халықтың бірлігі мен келешегі
Бүгін Жалпыұлттық коалиция мүшелері Қарағанды қаласында тұрғындармен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Құдайберген Бексұлтанов ұсынылып отырған Ата Заңның әрбір бабы адам құқығын қорғауға, Тәуелсіздік пен Егемендікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Біз – біртұтас қазақ халқы. Ұлы дала тарихын жалғастырып келеміз. Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің қадірін терең сезініп, бүгін жаңа Ата Заңымыздың жобасын талқылап отырмыз. Ең басты мақсатымыз – халықтың бірлігі, ынтымағы және жарқын келешегі», – деді депутат.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



