Коронавирус
Дәурен Абаев: “Халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайды”
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев “Хабар 24” арнасының тікелей эфирінде елімізде халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайтынын айтты. Бұл үшін үкімет 9 түрлі тауарды шетелге шығаруға тиым салған. Қазір оларды сауда желілері, аймақтардағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорлары және көтерме сауда жасаушылар сатып алуда.
«Қазірдің өзінде көптеген өндірушілер өз өнімдерін ішкі нарыққа бағыттағанын байқап отырмыз. Сондықтан, осындай күрделі уақытта өз еліне көмектесіп жатқан кәсіпкерлерге алғыс айтамыз»,- деді Дәурен Абаев.