Дәстүрлі «Индустриальная Караганда» газетінің жүлдесіне эстафета өтеді
3 мамыр күні Қарағандыда облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің дәстүрлі жеңіл атлетикалық 78-ші эстафетасы өтеді. Жарыс Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып өткізіледі. Эстафета оңтүстік-шығыс ауданындағы көшелерде өтеді. Жарыстың ашылуы – сағат 10:30-да Ту тұғыры алдындағы алаңда (Сарыарқа көшесі). Эстафетаның басталуы – сағат 11:00-де.

Жарысқа жалпы білім беретін мектептердің, интернаттардың, колледждердің, лицейлердің, жоғары оқу орындарының, әскери мекемелердің, спорт клубтарының оқушылары мен студенттері, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қызметкерлері және медициналық анықтама ұсынған барлық жүгіруге әуес жандар қатыса алады. Барлық қатысушыларда кеуделік нөмірлер болуы тиіс.

Жарыс тоғыз топ бойынша өткізіледі:
1-топ – жоғары оқу орындарының, А. Молдағұлова атындағы ОСШИКОР және колледж командалары;
2-топ – колледждердің, Т. Бегелдинов атындағы әскери мектеп-интернаты мен А. Молдағұлова атындағы ОСШИКОР мектеп командасы;
3-топ – 2-дивизион колледж командалары;
4-топ – жалпы орта білім беретін мектептер командалары (11 жылдық оқу);
5-топ – негізгі орта мектептер командалары (9 жылдық оқу);
6-топ – өндірістік ұжымдар командалары;
7-топ – ұйымдар командалары;
8-топ – спорт клубтары, күштік құрылымдар (ІІМ, Қарулы күштер, ТЖМ, күзет ұйымдары) командалары;
9-топ – спорт ардагерлері, мүгедек спортшылар (ПОДА – 1300 м қашықтықта жүгіру) және жүгіру әуесқойлары.
Барлық топтарда ерлер мен әйелдер бөлек стартқа шығады. 1-ден 8-топқа дейінгі командалар 10 кезеңге бөлінген эстафетаны жүгіріп өтеді.
Анықтама үшін байланыс телефондары: 300-268, 8 (771) 917 26 33.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА