Бас тақырып

Дәстүрлі эстафетаның жалауы желбіреді 

Бүгін облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің дәстүрге айналған жеңіл атлетика эстафетасының жалауы желбіреді. Желаяқтар таң атысымен Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысы, Сарыарқа көшесіндегі «Тутұғыр» композициясы алаңында жиналды. Аталмыш шараның ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық спорт басқармасы, қала әкімдігінің өкілдері  қатысты. Эстафетаға қатысуға ниет білдіргендердің қарасы қалың болғандықтан, ұйымдастырушылар алқасы жарысты мерзімінен бұрын бастады.

Суреттерді түсірген Александр МАРЧЕНКО.

Биыл 76-шы мәрте өткен эстафетаға 3000-ға жуық адам қатысты. Шараның ашылу салтанатынан кейін эстафетаны спорт ардагерлері бастады. Одар кейін спорт сүйер қауым, студенттер мен оқушылар жалғастырды. 

Биылғы эстафета ережесіне біршама өзгерістер енгізілді. Қатысушыларды жас ерекшеліктеріне қарай 13 топқа бөліп, қашықтығына қарай 10 кезеңге қойған.

Сонымен қатар, өткен жылы қатысушылар «Тутұғыр» айналасында шағын шеңбер бойынша жүгірген болатын. Биыл маршрут өзгертілді. Бірінші кезең – 300 метрге қысқартылды. Яғни, бұған дейін қатысушылар осы бағытта бір шақырымды бағындыруы керек болса, биыл 700 метрді жүгіріп өтті. Ал, барлық кезеңнің жалпы ұзындығы – 3,5 шақырым.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы нөмірінен оқи аласыздар! 

Ербол ЕРБОЛАТ,

Суреттерді түсірген Александр МАРЧЕНКО.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button