Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жылСпорт

Дәстүрлі дода бастау алды

Қарағандыдағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында Қазақстан Республикасының V Жастар спорт ойындары басталды. Аталған дода 23 мамырға дейін созылады.

Үстел теннисінен өтіп жатқан дүбірлі додада Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының командалары бақ сынасып жатыр.

– Ауқымды жарысты өткізудегі мақсатымыз – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, өңірлердегі спорттық ұйымдардың жұмысын қорытындылау. Және Ұлттық құрама командаларын жасақтау, халықаралық жарыстарға қатысуға дайындау үшін жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік спортшыларды анықтау. Жарысқа қатысушылардың дайындығы үлкен деңгейде. Тартысты турнир боларына сенеміз, – дейді халықаралық дәрежедегі төреші Александр Перевалов.

Үстел теннисінен сайыс 7 түрлі бағдарлама бойынша өтеді: командалық, жұптық және жекелей сындарда бақ сынасады.

Қарағанды үстел теннисі мектебі – елдегі ең үздіктердің бірі. Шағын ракетка шеберлері көптеген жылдар бойы басқа облыстардың теннисшілеріне лайықты қарсылас болып келеді.

Басқа материалдар

Back to top button