Бас тақырыпБасты тақырып
Дәрігерлерге 2026 жылдан баспана беріле бастайды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында дәрігерлерді үймен қамту мәселесі жайлы мәлім етті. Президенттің дәрігер мәртебесін көтеру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктерге “Отбасы банкімен” бірлесіп, 2026 жылы кадр тапшылығы қатты сезілетін аймақтардағы аса тапшы мамандық иелерін баспанамен қамтамасыз етуді ұсынды.

–Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру үшін 2100 жедел жәрдем бригадасы бейнежетондармен, ал 644 қабылдау стационары бейнетіркеу құрылғыларымен жабдықталаады. Бұл шаралар медициналық көмектің сапасы мен көлемін бағалау процесінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді, – деді Ақмарал Әлназарова.
Аяулым СОВЕТ