Бас тақырыпБасты тақырып

Дәрігерлер ес-түссіз күйде табылған полиция қызметкерін ауыр жағдайдан шығарып алды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек,  36 жастағы пациенттің жағдайынан оң динамика байқалады. Полиция майоры қазіргі уақытта Х. Мақажанов атындағы клиниканың  жансақтау бөлімінде жатыр.

Сурет adyrna.kz

Егер ем-дом сәтті өтсе, ол ауруханадан шыққан соң  23 жастағы Эльмираның өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында тергеушінің сұрақтарына жауап береді. 

Қазір тергеу органдары сол түні полиция тірек пунктінде нақты не болғанын және қатардағы кезекшіліктің қалайша қайғылы оқиғаға айналғанын анықтауда. 
Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button