Дәрі-дәрмекті таңбалау басталады
Қазақстанда келер айдан бастап, дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізіледі. Шара 1 шілдеден бастап өндірілген препараттарға ғана қолданылады. Тиісті өзгерістер 2020 жылғы 10 қыркүйектегі Үкімет қаулысына енгізілуде. Бұл дәріханалар мен дистрибьюторларға таңбалау кодтарын есепке алу және қадағалау үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын нақтылауға мүмкіндік береді.
Міндетті таңбалау мұның алдыңғы жылдары пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылған болатын. Оған фармацевтика саласының 23 өкілі, оның ішінде, өндірушілер, дистрибьюторлар, медициналық және дәріхана ұйымдары қатысты. 18 сауда атауы тиісті кодпен белгіленді. Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау мен қадағалауды енгізу аясындағы жұмыстар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қоғамдастықтың және басқа да мүдделі органдардың ұсыныстарын ескере отырып жүргізілді. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 90 атауға арналған дәрілік заттарды цифрлық таңбалаудың бірінші кезеңі енгізілді.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде жобаның екінші кезеңі басталады.
Жалпы елімізде цифрлық таңбалауды енгізудің оң серпіні байқалатынын айту керек. Бұған дейін елімізде енгізілген аяқ киімнің ресми анықталған импортының нәтижесінде өнім саны айтарлықтай артқан.
Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік бюджеттік медициналық бағдарламалар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде пайдаланылатындарды қоса алғанда, дәрі-дәрмектердің заңсыз саудасын жою. Бұл ел халқының денсаулығын қорғау деңгейіне әсер ететініне кепілдік беріледі. Сонымен қатар, таңбалау жүйесі дәрі-дәрмек бағасын реттеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта медициналық мекемелерді таңбалау кодтарын оқу және тиісті ақпараттық жүйелерді интеграциялау үшін қажетті жабдықтармен жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, дамушы елдердегі дәрі-дәрмектің әрбір оннан бір пакеті контрафактілік болып табылады. Біздің еліміздегі жағдай да жақсы емес: жалған медициналық препараттардың айналымы мәлімделген 10-12%-дан асады. Бұл экономикалық мәселе ғана емес, ұлттың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
Таңбалау тұтынушыларға емделу үшін сатып алынған дәрі-дәрмектің түпнұсқалығы мен жарияланған сапасына кепілдік береді. Шын мәнінде, әрбір дәрілік препаратқа шығу көзін және оның тұтынушыға дейінгі жолын көрсететін электрондық паспорт беріледі.
Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz