Бас тақырып

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан көкпардан чемпион атанды

«Қазанат» атшабарында төрт күн бойы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында  өтіп жатқан көкпар ойыны өз мәресіне жетті. Бүгін ақтық сында көкпар жарысы өтіп, оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасынан жеңісті жұлып алды.

Суреттер Ұлттық спорт қауымдастығының сайтынан

Финалда Қырғызстан көкпар командасымен сайысқа түскен қазақстандық шабандоздар 5:4 есебімен жеңіске жетіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесін қанжығаға байлады. Ал, қырғыз көкпаршылары күміс жүлдегер атанды.

Алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты.

Екінші таймда қазақстандық шабандоздар жігерлене шабуылға көшіп, есепті еселеді. Сөйтіп 4:3 есебімен алға шықты. Алайда, ойынның соңғы секундтарында қырғызстандық көкпаршылар тағы бір салым салып, ойынды теңестіріп, негізгі уақыт 4:4 есебімен тең нәтижемен аяқталды.

Төрешілер қосымша 10 минут уақыт қосты. Осы шешуші сәтте алғашқы салымды қазақ көкпаршылары салып Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетейік, кеше қазақстандық көкпаршылар Ресейді 18:2 есебімен жеңіп, финалға өткен.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button