Спорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды. Тоғызқұмалақ бәсекесі Астана қаласындағы «Думан» қонақ үйінде өтті.

Сурет: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Бексұлтан Бостандықов алтын, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлде алды. Ал қырғызстандық тоғызқұмалақшылар күміс және қола медалды қанағат тұтты. 

Әйелдер арасында ұлттық құрама спортшысы Мөлдір Серікқызы алтын және қарағандылық Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде еншіледі. Қырғызстан спортшылары 2 қола медаль иеленді. Сондай-ақ, ұлттық құрама жалпы есепте 30,5 ұпаймен командалық алтын жүлдені жеңіп алды. Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.

Айта кетейік, тоғызқұмалақ жарысына әлемнің 41 елінен 114 спортшы қатысты.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button