АймақЖаңалықтар
Дәмхана тонаған ұры ұсталды
Қарағанды полицейлері жол бойындағы дәмханадан ұрлық жасады деген күдікпен Қостанай қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Қызылорда-Павлодар тас жолының бойында орналасқан жол бойындағы дәмхананың есігін бұзып кіріп, алкогольдік сусындар мен ақшаны қолды еткен.
55 жастағы жәбірленуші келтірілген шығын көлемін 32 мың теңгеге бағалаған. Күдікті қылмысын мойындап, одан айғақты заттар алынды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.