Дүкен тонау оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалды
Қарағандыда «I sun» шағын маркетіне ұры түсіп, қылмыс дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға 27 қарашаға қараған түні болған. Шағын маркетке түскен ұры кассадан 15 мың теңгені алып кеткен.
– Бүгін түнде Ермекова көшесіндегі «I Sun» дүкеніне ұры түсіп, 35 секунд ішінде 15 мың теңге қаражатты қолды етті. Кассир қызымыз саудадан түскен қомақты қаражатты сейфке сап тастағаннан осындай аз ақша ұрланып отыр, – дейді дүкен қызметкерлері.
Облыстық полиция департаменті аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қылмыскерді анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда Бұқар жырау даңғылында орналасқан дүкеннен 160 мың теңге, IPhone 12 және 36 өлшеміндегі әйелдер аяқ киімін ұрлап кеткен болатын.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ