АймақБұқар жырау

Дөңгелек үстел басындағы дидарласу

Еліміздегі Алғыс айту күніне орай Бұқар жырау ауданында да дөңгелек үстел басындағы дидарласу өтті.

Оны аудан әкімі Ерлан Құсайын жүргізіп, мемлекеттік органдардың өкілдері, аудандағы Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің,этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысты.


Аудан әкімі өз сөзінде Алғыс айту күнінің халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтудағы ерекше маңызын атап өтті. Өйткені Қазақстан – түрлі этнос өкілдерінің бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп жатқан бірегей мекені және бұл құндылықтарды сақтау әрбір азаматтың міндеті болып табылады.

Бұқар жырау ауданында да әр ұлттың 12 этномәдени бірлестігі жұмыс істеуде.Олар ұлттар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға,мәдени мұраны сақтауға және дамытуға өз үлестерін қосуда.Сонымен қатар аудандағы Ақсақалдар мен Аналар кеңестері отбасы құндылықтарын дәріптеу мен ел бірлігін сақтауға белсене атсалысып жүр.Жастар белсенді азаматтық ұстанымын танытуда.
Шара барысында Ерлан Құсайын ауданның дамуына және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді орнықтыруға үлес қосқан азаматтарды аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.Атап айтқанда,қайырымдылық жасап жүрген меценаттар,төтенше жағдайлар мен полиция қызметкерлері,дәрігерлер,еріктілер мен өтномәдени бірлестіктердің өкілдері осы марапатқа ие болды.
Дөңгелек үстел басындағы дидарласу оған қатысушылар арасында өзара пікір алмасуға,маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button