Жаңалықтар

Дүбірлі доп додасы өтті

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов мектебінде әскери құрылымдардың арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыс Халық Қаhарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы мен Рейхстагқа Ту тіккен Кеңес Одағының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың құрметіне арналды. Додаға 10 құрама командасы қатысып, өзара күш сынасты.

Суреттер: автордан

Екі күндік кездесуде әскерилер барынша ынтасын салып бірінен бірі асып тартысты ойын көрсете білді. Соңғы кездесулерде ведомства басшылары өзі спорттық деңгейде мықтылығын көрсетуде спортшыларды барынша қолдап, тактика әдісіне де аса назар аударды.

Мамырдың төрті күні ширек финалда әскери прокуратура, Орталық өңірлік қолбасшылығы, Астана өңірлік қолбасшылығының спортшылары кездесіп спорт алаңын үшке бөлді.

Шешуші сәтте басымдықпен алға мықтап, екі өңірлік қолбасшылығының құрамы финалға жетіп алғашқы таймда 1:1 есебімен тең келсе, екінші айналымда Ұлттық ұланның жеке құрамы намысқа басып айқын басымдықпен қарсыласын жайпап салып жеңіс тұғырынан көрінді.

Шара қорытындысы бойынша І орынды Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығы жеңіп алды. ІІ орынды – Астана өңірлік қолбасшылығы, ІІІ орынды Орталық аймағының әскери прокуратурасы иеленді.

Жеңімпаздарды Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков, Орталық аймағының әскери прокуроры полковник Данияр Жұмаділов пен Астана өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Ержан Ибраев марапаттап, келе жатқан Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button