Мешіт имамдары “Теңбіл доп-2025” турнирінде жарысты
Мешіт жамағатының ұйымшылдығы – қоғамдағы мейірімділік пен адамдардың бір-біріне қолдау білдіруінің ең жарқын үлгісі. Бүгін Қарағанды қаласы мешіттерінің жамағаты арасында өткен «Теңбіл доп-2025» турнирінен осыны аңғардық. Бірлігі жарасқан жамағат салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жастарға үлгі болды.

Жамағаттың бірлігін нығайту мақсатында жүзеге асырылған додаға облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған аймаққа қарасты мешіттер арасынан он екі команда жасақталды. Тартысты өткен аяқдоп бәсекесі өте тартысты әрі қызықты өтті.
Турнирде І орынды «Төлеби » мешіті (200 000 тг) жеңіп алды. ІІ орын «Аль-Ғаффар» мешітіне (100 000 тг) бұйырса, ІІІ орынды «Қамзе ата» мешіті (50 000 тг) місе тұтты. Сайыста Рүстем Раббаев «Үздік қақпашы» атанса, «Үздік қорғаушы» аталымында Дәуіржан Бақыт марапатталды. Ойындағы «Үздік шабуылшы» Мерей Қойшыбаев деп танылса, ал үздік ойыншы аталымы Бақытжан Ахметовке бұйырды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін турнир бірлікті ту етіп, бауырмалдықтың ерекше үлгісін көрсетті. Дін қызметкерлері аяқдоп турнирлері қоғамда, әсіресе жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттайтынын тілге тиек етті.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz