Жаңалықтар

Cыбайлас жемқорлықпен күрес –басты міндет

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы бағытында Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы түсіндіруге баса назар аударылды. Жолдаудың тоғызыншы бағытын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде, олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңыздылығы сияқты жоспарланған іс-шараларға тоқталып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қазақстандық қоғам өмірінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап тиімді, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институттары мен механизмдерін құру бағытында мақсатты түрде және кезең-кезеңмен жұмыс атқарылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары іске асырылуда және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары мен оның тууына себепші жағдайларды жоюға, деңгейін азайтуға жәрдемдесетін кешенді шаралардан тұрады, сондықтан халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімділігінің, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен құқықтық сауаттылық деңгейінің жоғарылауы, сондай-ақ, елдің халықаралық рейтингтерінің жақсаруы стратегияны жүзеге асырудың нәтижесінде болып отыр.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және алдын алу бойынша жыл сайын жоспар бекітіліп, аудандық, қалалық және облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері тарапынан іс шаралар атқарылуда. Инспекцияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілген. Сондай-ақ, облыстық аумақтық инспекциясында Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы басшының орынбасарына жүктелген және өз кезегінде аталған бағытта мекемеге қарасты барлық қызметкерлермен тығыз жұмыс атқаруда. Жыл сайын «Нұр Отан» партиясы, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» филиалдары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілуде. Бұл жұмыс бекітілген жоспар бойынша жалғасын табуда.
Қарағанды облысының барлық тұрғындарына инспекцияның мемлекеттік қызметкерлерінің (ветеринариялық-санитарлық инспекторлар) тарапынан мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін 8 (7212) 42-58-53 сенім телефоны орнатылған.
Инспекция тарапынан сыбайлас жемқорлық бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған республикамызда орын алған әрбір фактілер қызметкерлерге таныстырылып, мұндай жағдайды болдырмау және алдын алу ескертіліп отырады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тарапынан берілген тапсырмалар бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, пара беру жолдары, қылмыстық жауаптылық жөнінде берілген көрнекі плакаттар облыстық аумақтық инспекция мен 9 аудандық және 9 қалалық аумақтық инспекциялардың ақпарат тақталарына ілінді. Бұл да өз кезегінде мемлекеттік қызмет алу барысында жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік қызметкерлердің заңбұзушылыққа жол бермеуіне ықпал етеді.

М.МҰХТАРОВ,
ҚР АШМ Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетінің Қарағанды
облыстық аумақтық
инспекциясының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button