Медицина

COVID-19: Шектеу шаралары қайта енгізіле ме?

Бас санитария дәрігері – денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ағымдағы және жоспарланған шектеу шаралары туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Коронавирус инфекциясына қатысты қолданыстағы шектеу шараларына сәйкес, R индикаторы 1-ден жоғары тіркелген кезде халық көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылады. Өңір «сары» аймаққа ауысқанда, ұжымдарға қатысты шара қолданылады, бұл жақын қарым-қатынастағы адамдарды, вакцинаға абсолют қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру, білім беру ұйымдарында топтарды біріктіретін іс-шараларды өткізуге жол бермеу, – деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ, еліміздің бас санитария дәрігерінің айтуынша, өңірлер «қызыл» аймаққа көшкен кезде шектеу шаралары қабылданады: жиналыстардың онлайн форматқа көшуі, жабық орындарда, көліктің барлық түрлерінде бетперделерді міндетті түрде тағу, жабық мекемелерге баруға шектеулер енгізу, нысандарда Ashyq қосымшасын міндетті түрде қолдану, сондай-ақ іс-шаралар кезінде нысандардағы адам санын 50 пайыздан асырмай шектейтін қызметкерлердің 30 пайызын қашықтағы жұмыс түріне ауыстыру.

– Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 12 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы мен барлық өңірлер «жасыл» аймақта болды, алайда R индикаторы республиканың 15 өңірінде бірден жоғары. Жетісу, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқасында, – деп қосты Айжан Есмағамбетова.

Басқа материалдар

Back to top button