COVID-19 бойынша жаңа толқын болуы мүмкін
Ресейлік ғалым елдегі COVID-19 бойынша жаңа толқынның болуы мүмкін мерзімдерін атады. Вирусолог Евгений Тимаков аурудың жаңа өршуі туралы ескертті. Оның пікірінше, эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанына қарамастан, вирус жұқтырғандардың саны қыркүйектің соңында демалыс маусымы аяқталып, барлығы үйлеріне оралған кезде өседі. Өткен тәулікте Ресейде 21 378 COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелді. Эпидемия кезінде елде барлығы 6 491 288 жағдай анықталды, олардың 166 442-сі қайтыс болды.
Таиландта бір күнде 235 адам коронавирустан қайтыс болды. Алдыңғы өлім-жітімнің максималды тәуліктік өсуі 7 тамызда тіркелген болатын – 212 жағдай. SARS-CoV-2 құрбандарының жалпы саны 6 588 адамға жетті. Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың жаңа 843 жағдайы анықталды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 795 951-ге жетті. Иммундау басталғаннан бері Таиландта COVID-19 вакцинасының 21 миллионнан астам дозасы енгізілді. Бангкок пен Пхукет туристік орталығы халқының 70%-дан астамы вирусқа қарсы егілді.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК