Ресми

COVID-19 аяқталды, бірақ қандай да бір патогендік өзгерістер қатері бар – БҰҰ кеңесшісі

COVID-19 аяқталды, бірақ қандай да бір патогендік өзгерістер қатері бар. Бұл туралы Астана халықаралық форумында БҰҰ-ның көші-қон мәселесі жөніндегі агенттігінің Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Шығыс Еуропа және Орталық Азия мигранттарының денсаулығы жөніндегі кеңесшісі Джейме Калдерон айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Өткеннің бәрінен сабақ алуымыз керек. Өзгерістерге дайын болу үшін мұның бәрін трансформациялауға тиіспіз. COVID-19 аяқталды, бірақ қандай да бір келесі патогендік өзгерістер қатері бар. Пандемия – өте күшті қатер. Бүгінде біз өзге де проблемалар жайында естіп отырмыз. Қоршаған ортаға байланысты дағдарыстар болып жатыр. Таралатын және таралмайтын аурулар бар. Бір ел өз бетінше қандай да бір дағдарыспен күресе алмайтынын түсінеміз. Сондықтан да халықаралық ынтымақтастық өте маңызды, – деді шетелдік мейман.

Оның атап өтуінше, мемлекеттер алдағы уақытта болуы мүмкін өзгерістерге лайықты тойтарыс беруі үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға мүмкіндік беретін негізгі әзірлемелерді дайындау керек.

– Пандемия жаһандық ынтымақтастықтың маңызын көрсетіп берді. Сондықтан әлемнің бір бөлігінде пайда болған пандемия келесі күні-ақ әлемнің екінші бөлігіне жетуі мүмкін. Сондықтан да ақпарат алмасу және ынтымақтастық көптеген проблеманы шешудің басты аспектісі саналады. Қазіргі уақытта зерттеу қызметіне базар назар аудар қажеттігін түсініп отырмыз. Барлық уақытта да жаңа вакцина әзірлеуіміз қажет. Адамдарды қорғауға тиіспіз, – деді Джейме Калдерон.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button