Коронавирус

COVID-19 қарсы вакцинациясына реакциялар туралы

Бүгінгі таңда КВИ-мен тиімді күрес жолдарының бірі осы вакцинация екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Осыдан мединциналық қызметкерлерді қауіпті топқа жататын болғандықтан егуді бастадық. Ақпан айының 1-інен бастап егілгендердің саны 14 мыңға жуық болды. Сол егілген адамдардың арасында аса қауіпті ауыр асқыну белгілері байқалған жоқ.

 

Бізде күтілетін реакциялар болады. Егу салған жерде орнында қызару, аздап ауырсыну белгісі, температураның жоғарылауы және қысқа уақытта артериялық қысымның жоғарылауы байқалды. Бірақ бұл белгілердің барлығы да медициналық көмектің қажетінсіз бірнеше сағаттан бастап бірнеше күнге дейін өздігінен таралып отырды.

Лена Қасабекова,

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы»

ШЖҚ РМК орталығының дәрігер-эпидемиологы, сарапшы.

Басқа материалдар

Back to top button