«COVID-19 қарсы вакцинация: мифтер мен фактілер» онлайн баспасөз-конференциясы
ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығының дәрігер-эпидемиологы, сарапшы Лена Қасабекова:
«Әлемде COVID-19-ға қарсы 200-ден астам вакцина жасалып жатыр. Оның ішінде қазіргі таңда қолданылып отырға вакциналар саны – 6. Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы мемлекеттердің бірі болып екпе егуді бастады. Коронавирустық инфекцияға қарсы күрестің тиімді жолы вакцина екенін әлем мойындап отыр. Ақпан айының бірінші күнінен бастап 14 мыңға жуық адам вакцина қабылдады. Медицина қызметкерлерінде жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан егуді бастадық. Вакцинадан кейін аса қауіпті реакциялар байқалған жоқ. Медицинада күтілетін реакциялар болады. Егу салған орынның қызаруы, дене қызуының жоғарылауы, қысқа уақытта қан қысымының жоғарылауы байқалды. Бірақ бұл белгілердің барлығы медициналық көмектің қажетінсіз жоғалып кетті».
ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығының дәрігер-эпидемиологы, сарапшы Лена Қасабекова: «Қазіргі кезде вакцина төңірегінде алыпқашпа әңгімелер көбейіп кетті. Бірақ мен айта кетейін, елімізде тұмауға қарсы жыл сайын қауіпті топтардан егілетін адамдар 10 %-ды құрайтын. Пандемия басталғанда ДСҰ-дан осы көрсеткішті 40 %-ға көтеру керек деген ұсыныстар келе бастады. Себебі, тұмау секілді қауіпті топтар арасында жоғары сырқаттанушылық, асқынулар, КВИ кезінде өлім жітім көрсеткіші көп болды. Тұмауға қарсы егілмеген адамдар КВИ жұқтырса бұл көрсеткіш көп болар еді. Екі жұқпалы аурулардың қаупі бірдей десем де болады. Сондықтан да грипқа қарсы вакцина КВИ-ға қарсы иммунитетті мүлдем төмендетпейті дәлелденіп отыр».