Бас тақырыпСпорт

Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті.

Сурет: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы таратқан ақпарат бойынша, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

– Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді! Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр, – делінген хабарламада.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен ғана тең ойнап, 1 ұпай жинады. Жаттықтырушы тұсында команда бірде-бір гол соқпады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button