Спорт

Чемпион атанды

Қарағандыдағы Ә.Ермеков атындағы лицейдің 9-сынып оқушысы Алан Қуаныш Өзбекстанда каратэден өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды.

Сурет кейіпкерден

Аланның әкесі Нұрлан Қуанышұлы ұлын 5 жасынан бапкер Владимир Сапрыкиннің қолына тапсырыпты. «Восток» жекпе-жек мектебінде жаттығатын Алан 9 жыл бойы бірнеше мәрте қалалық, облыстық және дүниежүзілік сайыстарға қатысып, жүлделі орындардың жеңімпазы атанған.

– Сайыстарға қатысқан сайын ерекше күш аламын. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырсам деймін, – дейді Алан Қуаныш.

Мұғалімдері жастайынан спорт­ты жанына серік еткен Аланның каратэ, ұлттық спорт түрлері, жекпе-жекпен қатар айналысып келе жатқан жан-жақты, талантты спортшы жас екенін мақтанышпен айтады.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button