Бас тақырып

БЖЗҚ арқылы офтальмология төлемдері тоқтатылды

Enpf-otbasy.kz платформасы арқылы офтальмологиялық қызметтерге өтініш қабылдау тоқтатылады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ мәлімдеді.

Сурет ЖИ

4 желтоқсаннан бастап біржолғы зейнетақы төлемі арқылы офтальмологиялық қызметтерді төлеуге өтініш қабылданбайды. Себебі Денсаулық сақтау министрлігі ережеге өзгеріс енгізіп, стоматология мен офтальмологияны тізімнен алып тастады.

Осы күнге дейін жіберілген өтініштер бұрынғы тәртіппен қаралады. Қазір банкте офтальмология бойынша 15 808 өтініш қарастырылып жатыр (13,3 млрд тг). Стоматология бойынша өтініш қабылдау жабылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс 7 есе өскен. Банк күмәнді жағдайларды да анықтаған: кей клиникалардың құжаттағы мекенжайлары шындыққа сәйкес келмеген.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button