Бюрократиядан арылту: талдау жұмыстары басталды
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын орындау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен энергетика саласы бойынша құрылған өңірлік деңгейдегі жұмыс тобының жетекшісі ретінде топтың мүшелерімен көрсетілген саланы бюрократиядан арылтудағы жұмыс барысын талқылау бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Ortalyq.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, атқарушы биліктің қызметін заңнамалық тұрғыдан артық регламенттеуді болдырмау жұмыстары талқыланды.
Сонымен қатар, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыру және тағы да басқа талдау жұмысының бағыттары айқындалды.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.