Жаңалықтар

Былтыр елімізде қанша блогер салық төледі?

Қазақстанда кәсіпкер ретінде тіркелген блогерлер төлеген салық мөлшері 2023 жылы 200 млн теңгеден асты. Қазір елде 400-ден аса блогер тіркелген, деп хабарлайды ortalyq.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Azattyq Ruhy

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, егер блогердің қызметі кәсіпкерлікпен байланысты болса, онда олар салық төлеуге міндетті.

– Оған арнайы, яғни 1 пайыз бен 4 пайыз аралығында салық режимі бар. Егер олардың жұмысы тікелей кәсіпкерлікпен байланысты болмаса, онда салық төлеу бойынша оларға қатысты еш мәселе туындамайды және салық салуға міндетті емес, – дейді министр.

Сонымен қатар  ҚР төлем жүйесіне қатысты арнайы заңға сәйкес нақты төлемдердің түрі ретінде қолма қол, және электрондық төлем жүйесімен төлеу мәселесі көрсетілгенін атап өтті.

– Қолма-қол ақшасыз төлем кезінде банк картасы немесе QR арқылы төлем жүргізіледі. Егер кәсіпкерлер тек қолма-қол төлем талап ететін болса, бұл жерде тұтынушылардың құқығы бұзылады. Сондықтан бұндай талаптар заңсыз деп есептелінеді. Қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде, тауар бағасын өзгертетін я болмаса қосымша құн қосып сататын болса, бұл да заңсыз болып есептелінеді. Себебі, екі жүйе арқылы да төлем жасаған кезде баға бір болуы керек. Осындай жағдай болған кезде 1414 номеріне немесе жергілікті кірістер комитетіне хабарласу керек, – деді Жамаубаев.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button