Спорт

Буяльский «Сарыарқа» командасымен бірге дайындалуда

Қазақстандық форвард Андрей Буяльский жаңа маусымға қарағандылық «Сарыарқа» командасымен бірге дайындалып жатыр.

Ол NCAA-да бақ сынайтын АҚШ-тың «Вермонт Катамаунтс» командасы құрамында осымен үшінші маусым өнер көрсетпек. Өткен тұрақты чемпионатта қарағандылық 22 жастағы спортшы 34 ойында 18 (5+13) ұпай жинаған еді.

2021 жылғы Ұлттық хоккей лигасы аясында американдық Колорадо Эвеланш кәсіби хоккей клубы Андрей Буяльскийді жалпы 92-ші нөмірмен таңдап алғанын атап өткен жөн.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button