Бас тақырып
Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы басталды.

Ұлттық құрылтайдың IV отырысына Президент, Мәжіліс және Сенат төрағалары, үкімет мүшелері, депутаттар мен ұлттық комиссия мүшелері қатысуда.
Айта кетейік, құрылтайдың панельдік сессиялары кеше басталған. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА