Бас тақырып

«Бульвар мира» көшесінің атауын қайтару үшін петиция жарияланды

epetition.kz порталында Қарағандыда қазіргі кезде Назарбаев даңғылы аталып келе жатқан бұрынғы «Бульвар Мира» көшесінің атауын қайтару туралы петиция жарияланды. Бұл ұсынысты биліктегілер қабылдауы үшін, петиция 50 мың қол жинауы тиіс.

Сурет epetition.kz

 

№П-2025-00000116 петициясы Қарағанды қаласының әкімдігіне жолданды. Құжат авторлары өз ұсыныстарын бірнеше дәлелдермен келтірген. 

– «Бульвар Мира» атауы – он жылдан астам уақыт бойы қала бейнесінің ажырамас бөлігі болды. Ол қала тұрғындары үшін бірлік пен тұрақтылықтың символы ретінде және бейбітшілік пен достық рухын бейнелейді. «Бульвар Мира» атауы тұрғындар арасында ғана емес, қала қонақтары арасында да кеңінен танымал. Жоғарыда айтылғандар негізінде біз биліктен Қарағандының тарихи және мәдени бірегейлігін сақтау мақсатында «Бульвар Мираның» бұрынғы атауын қайтару мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз, – делінген петиция мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында Бульвар Мира мен Төлепов көшесін біріктіріп, Назарбаев даңғылы деп атаған болатын. Шешімді қалалық мәслихат депутаттары кезектен тыс XXXVI сессиясында бірауыздан қабылдады және оларды қала тұрғындары мен ардагерлер қолдады.

 Рузана ҚУАНЫШҚЫЗЫ,   

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің IV курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button