"Білгенге маржан"
БУДАПЕШТЕГІ ЕРЕКШЕ ЕСКЕРТКІШ
Бұл – әлемдегі цифрге арналған жалғыз ескерткіш. Оның өзінде «0» санына арналған. Неге басқа санға емес?
«Судағы қалада» – Будапеште орналасқан бұл ескерткіштің ерекше ештеңесі жоқ. Тұғырға «0» цифры қондырылған, астына «км» деп жазылған. Болғаны осы.
Болғанда белгі ғана. 0 шақырымдық белгі. Таратып айтсақ…
Еуропаның он мемлекетінің жерін басып өтетін, 2850 шақырымға созылып жатқан Дунай өзенінің ұзындығы осы жерден бастап есептеледі. Басқа өзендер бастаудан өлшенсе, жалғыз Дунай ғана тармақтарынан өлшенеді. Өйткені, оның ұзындығы осы жерде тұйықталады.
Венгриядағы қашықтық өлшемдерінің барлығы осы 0-ден бастап есептеледі.
Ал, бізде қалаішілік қашықтық Бас поштамттан бастап өлшенеді.
Маржан терген
Төрехан МАЙБАС.