Бас тақырып
ҰБТ-ға тіркеліп үлгермеген талапкерлерге соңғы мүмкіндік берілді
Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлер үшін 22 мамыр сағат 10.00-18.00-ге дейін база ашылатынын мәліпдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Талапкерлер app.testcenter.kz сайтында бос күндерді ғана таңдай алады. Екі рет өтініш бергендер үшін бұл қызмет жұмыс істемейді.
Айта кетері, негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6-14 мамыр аралығында белгіленген болатын. Алайда кейбір талапкерлер ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.