Бас тақырыпЖаңалықтар

Бразилияда өткен беделді білім бәсекесінде топ жарды

«Білім-Инновация» лицейінің он бірінші сынып оқушысы Санжар Қалиақбар Бразилияда өткен Халықаралық Менделеев олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Екі теориялық және бір практикалық кезеңнен тұрған аталмыш білім бәсекесіне әлемнің 40 елінен оқушылар қатысқан.

Сурет: www.gov.kz.

Бұл олимпиадаға біз үш жыл дайындалдық. Санжар ішкі мотивациясы бар өте тәртіпті оқушы. Менделеев олимпиадасы – химия әлеміндегі беделді білім бәсекелерінің бірі, – дейді «Білім-Инновация» лицейінің химия пәнінің оқытушысы Назерке Білімхан.

Болашағын физика және бағдарламалаумен байланыстырған Санжар үшін бұл жүлделі орынның халықаралық жоғары оқу орындарына құжат тапсырған  кезде артықшылығы болмақ.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button