Бас тақырып

Ботақара кентінде төтенше жағдай жарияланды

Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали қазір қираған пәтерлердің тұрғындары туыстарының үйінде тұрып жатқанын, бірақ оларды әрі қарай орналастыру мәселесі төтенше жағдай аясында шешілетінін айтты.

Суреттер: төтенше жағдайлар департаментінен

– Бүгін біздің жергілікті атқарушы орган төтенше жағдай жариялады. Сондықтан тұрғындармен сөйлесеміз, жалға берілетін пәтерлердің ақысын төлейміз. Болашақта сарапшылардың шешімінен кейін бұл үйді қалпына келтіру мүмкін емес десе, үй салуды ойластырамыз, – деді аудан әкімі Абылай Сұлтанғали.

Сондай-ақ зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетілетінін баса айтты. Сонымен қатар, қазір келтірілген шығынды бағалайтын комиссия құру жұмыстары жүргізілуде. Қазір әкімнің айтуынша, үйді KazMIRR мамандарының көмегімен тексеріп жатыр. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, зардап шеккен бір бала санитарлық авиациямен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген, жағдайы орташа ауыр.

– Үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті техниканы дер кезінде қамтамасыз етіп, соның арқасында бес адам аман қалды. Крандар мен үш экскаватор әкелінді. Қазір төтенше жағдайлар қызметі мен полиция қызметкерлері сараптама жүргізіп жатыр. Жарылыстың алдын ала себебі – газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды, – деді  ТЖД басшысының орынбасары  Аманбек Бейсембаев.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button