Ресми
Ботақара кентінде “Есіктен есікке” акциясы өтті
Акция барысында тұрғындармен кездесу, Жаңа Конституция жобасының маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға алдағы референдумның мәні, ел болашағы үшін маңызды екені айтылды. Ақпараттық материалдар таратылды.

Тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып, ел дамуына қатысты бастамаларға бейжай қарамайтындарын көрсетті. Мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, қоғамдағы маңызды өзгерістерді бірге талқылауға мүмкіндік береді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



