АймақҚарағанды

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады

Қарағанды қаласының мансап орталығы қала әкімдігінің қолдауымен 21 қыркүйекте жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Университеттер мен колледждердің соңғы курс студенттері шақырылады.

Сурет Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

Жәрмеңкеге 30 жұмыс беруші қатысады.

Жұмыс іздеушілер компаниялардың hr-менеджерлерімен тікелей сөйлесе алады. Сондай-ақ, “Жастар тәжірибесі”, “Бірінші жұмыс орны”, “Ұрпақтар келісімшарты” бағдарламалары бойынша консультация өтеді.

Жәрмеңкенің өтетін орны: “Таир” СҮ (Космонавтов көшесі, 1в).

Уақыты: 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Байланыс телефондары: 996-394, 996-493, +7-775-644-35-80 (Whatsapp).

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button