АймақЖаңалықтарРесми
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Қарағандыда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге “Silk Road Electronics”, “Asia FerroAlloys”, “Tau-Ken Temir”, “Alemgaz” сынды ірі компаниялар мен түрлі саладағы 40-қа жуық жұмыс беруші қатысып, жұмыссыз азаматтарға 800-дей бос жұмыс орындарын ұсынады деп жоспарлануда.
Дәнекерлеушілер, электриктер, токарьлар, сырлаушылар, слесарьлар, машинистер және басқа да сұранысқа ие жұмысшы мамандық иелері 16 мамыр «Арбат» сауда үйінің алаңында сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтетін жәрмеңкеде жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар ала алады. Байланыс телефондары: (8-7212) 996-404; WhatsApp: 8-775-644-35-80.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.