Жаңалықтар

Борышкердің құқығын қорғайтын жаңа заң қабылданбақ

Қазақстанда борышкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамаға өзгерістер енгізілмек. Мәжілісте атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты түзетулер қаралып жатыр. Қазіргі заң бойынша, сот орындаушысы несие берушінің талабын орындау кезінде борышкерді үйінен мәжбүрлеп шығара алады.

Сурет жасанды интеллекттен

Алайда қолданыстағы нормаларда бұл туралы борышкерге қанша күн бұрын ескерту керектігі нақты көрсетілмеген. Сондықтан көптеген азаматтар тек бір күн бұрын ғана хабар алып, өз заттарын жинауға немесе басқа жерге көшуге үлгермей келген. Мұндай жағдайлар тұрғындардың наразылығын туғызып жүрген еді.

Жаңа түзетулерге сәйкес, сот орындаушысы борышкерді шығару уақыты туралы кемінде 10 күнтізбелік күн бұрын хабарлауға міндетті болады. Бұл өзгеріс азаматтарға алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, заң жобасына сәйкес, борышкерді шығару процесі міндетті түрде бейнежазбаға түсірілмек. Бұл норма атқарушылық іс жүргізудің ашықтығын және әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа өзгерістер қабылданған жағдайда, борышкерлерге қатысты іс-шаралар заңды әрі адамгершілік тұрғыдан жүргізілетін болады.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button