АймақЖаңалықтар

Боранда жоғалып кеткен ер адам табылды

Бүгін құтқарушылар 6 қаңтар күні таңертең мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адамды тапты.

Сурет: ТЖД

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Ақтоғай ауданының кезекші бекетіне хабарлама 7 қаңтар күні сағат 14:10-да түскенін мәлімдеді. Іздестіру жұмыстары оң нәтиже беріп, бүгін таңертең із-түзсіз жоғалған 1970 жылы туған ер адам “Менеш” қыстауынан оңтүстікке қарай 35 шақырым жерде табылды. Ол қар құрсауында қалып қойған көлікте отырған. Баспасөз қызметі оның медициналық көмекке мұқтаж болмағанын айтады. Құтқарушылар кептеліп қалған көлікті жолдың тазартылған бөлігіне шығаруға көмектесіп, ер адамды жақын маңдағы қыстаққа шығарып салды.

ТЖД азаматтардан қауіпсіздікті сақтауға және дауылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін қадағалауға шақырады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button